русский язык
Футзал

Футзалдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан U-19 құрамасы белгілі болды

Футзалдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан U-19 құрамасы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 21-26 наурыз аралығында Молдованың Чореску қаласында өтетін футзалдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінде 1-топқа түскен болатын. Қарсыластары – Польша, Молдова және Словения. Топ жеңімпазы 4-11 қыркүйек аралығында Хорватияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан жасөспірімдерін алдағы іріктеу ойындарына ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака бастап барады. Жаттықтырушылар штабы 13-20 наурыз аралығында Алматыда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 17 ойыншы енді:

Қақпашылар: Рауан Сисенғалиев («Рахмет»), Денис Шолубай («Қайрат»), Эмиль Нигматзянов («Тұлпар»);

Алаңдағы ойыншылар: Батырхан Кенжеғали, Дамир Қайырбай (екеуі де - «Ақтөбе»), Артем Черненко, Абай Қабдешов, Иван Марахов (барлығы - «Аят»), Алмаз Максутов, Әлішер Нұрин (екеуі де - «Бәйтерек»), Жайық Құдайберген, Александр Дерябин, Мейіржан Кешубаев (барлығы - «Қайрат»), Руслан Үргенішбаев («Рахмет»), Олжас Калгужинов, Георгий Калачев, Тимур Мәлібеков (барлығы - «Тұлпар»);

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Аслан Смақов – бас бапкердің көмекшісі, Гордей Янов – қақпашылардың жаттықтырушысы;

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының ойын кестесі:

22.03.2022. Польша – Қазақстан – 22:00.

23.03.2022. Молдова – Қазақстан – 22:00.

25.03.2022. Қазақстан – Словения – 19:00.

*Астана уақыты көрсетілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;