Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем кубогында екінші «алтын» еншіледі

Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем кубогында екінші «алтын» еншіледі

Қазақстандық Нариман Курбанов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гимнастикалық ат үстінде жаттығуларда Курбанов 15.300 ұпай жинап, жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Ирландиялық Рис МакКланахан күміс еншіледі, қола жүлде Албания өкілі Матвей Петровқа бұйырды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіндегі екінші алтын медалі: бұған дейін Милад Карими еркін бағдарламада үздік атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или