Қазақстанның бірінші ракеткасы Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты
![Қазақстанның бірінші ракеткасы Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/203991_fa0488375e8c8edfb43fc2236b4b66a1.jpg?v=28700866)
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда америкалық София Кенинді екі сетте ұтты – 7:6 (6), 7:5, (5).
Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды.
1/8 финалға шығу үшін Қазақстанның үздік теннисшісі испаниялық Нурия Паррисас-Диас пен Паула Бадоса арасындағы текетірестің жеңімпазымен шеберлік сынасады.