русский язык
Әлем футболы

Карло Анчелотти Мбаппенің «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Карло Анчелотти Мбаппенің «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти Мбаппенің «Реалға» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтыр француз ПСЖ-мен келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Реалға» ауысады деген ақпарат шыққан болатын. Бірақ шабуылшы париждік клубпен жаңа келісімшарт жасасқан еді.

Бірнеше күн бұрын Франция чемпионы мюнхендік «Бавариядан» 2:0 есебімен жеңіліп, турнирдің 1/8 финалында жарыс жолынан шығып қалған болатын. Содан кейін Мбаппенің трансфері туралы ақпарат шыға бастады. Алайда Карло Анчелотти әлемнің вице-чемпионына қатысты сұрақтарға жауап бергісі келмейді.

«Мбаппенің трансфері? Сіз маған бұл сұрақты бүгін, екі аптадан кейін немесе үш айдан кейін қоя аласыз, бірақ мен оған ешқашан жауап бермеймін », - деп келтіреді Анчелоттидің сөзін Marca.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;