Хоккей

«Сарыарқа» ел чемпионатының 1/2 финалындағы алғашқы ойында «Номадтан» жеңілді

«Сарыарқа» ел чемпионатының 1/2 финалындағы алғашқы ойында «Номадтан» жеңілді

Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясында «Сарыарқа» мен «Номад» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда арасындағы алғашқы ойында астаналық команда 4:2 есебімен жеңіске жетті.

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Номад» (Астана) 2:4 (2:2, 0:0, 0:2)

1:0 – Анисимов (Алдабергенов, Холькин) – 03:24
2:0 – Шапорев (Демин, Каратаев) – 04:03
2:1 – Гурков (Данияр, Рахманов) – 10:20
2:2 – Мухаметов (Муратов, Нургалиев) – 17:33
2:3 – Муратов (Мухаметов, Рунов) – 45:49
2:4 – Казаков (Мухаметов) – 59:53
Қақпашылар: Каратаев – Шутов
Сериядағы есеп: 0:1
 
Бұл текетірестің екінші оцыны да 11 наурызда Қарағандыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0