Екінші лигаға қатысушылар саны белгілі болды
![Екінші лигаға қатысушылар саны белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/203991_b0f1416f76a3cebe870106111b00bad7.jpg?v=28700657)
Қазақстанның Екінші лигасында 21 команда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Командалар өткен жылдардағыдай «Оңтүстік-Батыс» және «Солтүстік-Шығыс» деп екі конференцияға бөлінеді. Біріншісінде 10 команда, екіншісінде 11 команда өнер көрсетеді.
21 команданың 14-і Премьер-Лига мен Бірінші Лига клубтарының жастар құрамалары. Тек жеті команда тәуелсіз клубтар. Өткен жылы үш команда – SD Family, Altai және Academy 05 сынға түсті. Қалған төрт команда – Екінші лиганың дебютанттары – «Ұлытау» (Жезқазған), «Жетісай» (Жетісай), «АKАС» (Алматы) және «Іле-Сәулет» (Алматы облысы).