русский язык
Футзал

Рикардо Кака: Негізгі міндет орындалды – бірінші орынмен шықтық

Рикардо Кака: Негізгі міндет орындалды – бірінші орынмен шықтық
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің нәтижесін қорытындылап, күзде басталатын элиталық раунд туралы ой білдірді.

– Біздің тобымызда екі мықты қарсылас болды. Сонымен өзгелерден ерекшеленді. Словениямен екі кездесу де оңай болған жоқ, бірақ өз алаңымызда жеңіп, сырт алаңда тең түстік. Әрине, біз барлық кездесулерде жеңіске жетіп, ең жоғары көрсеткішпен аяқтағымыз келді. Бірақ біздің басты міндетіміз орындалды – топтан бірінші орыннан шықтық. Жеңілмедік. Негізгі раундта әртүрлі эксперименттерді қолданып көрдік.

Элиталық раундқа келетін болсақ, ең алдымен жеребе басталмас бұрын қарсыластардың қалай бөлінетінін бағамдау керек. Ең маңыздысы - жұмысымызды жалғастыру. Элиталық раундтың ойындарына бірнеше ай уақыт бар және осы кезеңде барлық міндеттерді орындау үшін команда толық бабында болуы шарт. Біздің мақсат – топта бірінші орын алу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;