Қазақстандық әлем чемпионы алдағы жоспарларымен бөлісті

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жылға жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Биыл үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Егер өткізе алмасам, 2024 жылы 168 фунт салмақ дәрежесінде «Канелоға» міндетті қарсылас боламын. Бұл мүмкін екенін бәрі біледі! Иншалла, келесі жылы екі салмақ дәрежесінде абсолют әлем чемпионы атанамын!», - деп жазды Жәнібек Twitter парақшасында.
Былтыр 12 қарашада Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын бірінші рет қорғап қалған еді. Ол Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) ұлыбританиялық Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или