русский язык
Әлем футболы

Жаттығуға кешіккен Поль Погба жазаланды

Жаттығуға кешіккен Поль Погба жазаланды

«Ювентус» жартылай қорғаушысы Поль Погба Еуропа лигасының 1/8 финалындағы германиялық «Фрайбургке» қарсы алғашқы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Джованни Альбанезенің ақпараты бойынша, Погба жаттығуға кешігіп келген. Сондықтан туриндік клубтың бас бапкері Массимилиано Аллегри французға қарсы тәртіптік жаза тағайындады.

Айта кетейік, Погба 1 наурызда 280 күннен бері алғаш рет ресми матчқа қатысқан еді. Ол А Сериясында «Торино» (4:2) мен «Ромаға» (0:1) қарсы матчтарда алаңға шықты.

«Ювентус» 9 наурызда «Фрайбургпен» күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;