Aфрикалық футболшы жаттығу кезінде көз жұмды
![Aфрикалық футболшы жаттығу кезінде көз жұмды](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201131_4e63fff6c65f474d7222ca6b9790c067.jpg?v=28700650)
Оңтүстік Африка республикасының біріншілігінде өнер көрсететін "Ричардс Бэй" клубының футболшысы Сифамандла Мтоло жаттығу кезінде көз жұмды. Ол 29 жаста болатын, деп хабарлайды Африка футбол конфедерациясының (CAF) ресми сайты.
Қайғылы жағдай 8 наурыз күні таңертең тіркелген. Белгілі болғандай, футболшы жаттығу кезінде есінен танып қалып, кейінірек көз жұмған. "Ричардс Бэй" клубы футболшының өлімінің себебін атаған жоқ.
- Африка футбол конфедерациясы "Ричардс Бэй" клубына Оңтүстік Африка республикасының чемпионатының жоғарғы лигасына шығуға көмектескен ойыншыны қимайтынын жеткізді. Ұйым Сифамандла Мтолоның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, - делінген хабарламада.