Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге ширек финалда нидерландықтар Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфсты 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Жібек пен Мартина финалға шығу үшін ресейліктер Полина Кудерметова - Анастасия Тихоновамен кездеседі.
«Ойын оңай болған жоқ. Әсіресе, екі сеттің соңында тәуекелге баруға тура келді. Жартылай финал да қиынға түсетіні анық. Астанадағы додадан кейін Джакартаға жол тартып, ITF W25 сериясында өтетін екі жарысқа қатыспақшымын», деді Жібек Құламбаева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или