Дзюдо

Cемейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр

Cемейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Семейде дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан чемпионатына Астан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, еліміздің 16 облысынан барлығы 517 спортшы қатысып жатыр.

«Абай-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан ел біріншілігінің ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев, Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов және Абай облысының дзюдо федерациясының президенті Әділ Медеуов қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Абай облысындағы дзюдо спортының даму қарқынын тілге тиек етіп, ел біріншілігін ұйымдастырушыларға алғысын айтты және жас дзюдошыларға сәттілік тіледі.

fe87864b410f0c2f58c410b89f96c70f.jpeg

«Абай облысы Қазақстанға мықты балуандарды сыйлаған дзюдо мектебі қалыптасқан өңір. Қасиетті Семей топырағынан әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған талай татами шеберлері шықты. Бүгінде бұл дәстүр өз жалғасын тауып келе жатыр. Қазақстан ел біріншілігін жоғары дәрежеде ұйымдастырып жатқаны үшін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен облыс әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін.

Дәл осыдан он жыл бұрын Семей жерінде дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Араға он жыл салып, ел біріншілігі балуандар мекеніне қайта оралды. Бүгінгі жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Қазақстан жастар құрамасының қатарына қосылады. Чемпионат нәтижесінде жасақталған құрама 2023 жылғы халықаралық жарыстар мен Азия, әлем біріншіліктеріне қатысады.

Кәсіби спортқа алғашқы қадам болып саналатын Қазақстан чемпионаты болашақ Олимпиада чемпионатының жұлдызығн жағады деп сенемін!», - деді Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев мырза.

Айта кетерлігі, жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты 10 наурызға дейін жалғасады.

bf13b6358d42ca7fdcf6c769d61a9d09.jpeg

Назарларыңызға жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерінің тізімін ұсынамыз:

60 кг

1.Аман Бақытжан (Ақтөбе облысы)
2.Қуанышбек Көмеков (Маңғыстау облысы)
3.Ұлан Елеусізов (Астана)
3. Айбол Кузеев (Жетісу облысы)

66 кг

1.Бекасыл Бейсембаев (Абай облысы)

2.Әдәлет Жолекеш (Маңғыстау облысы)
3.Нұрсұлтан Жұбатқан (Маңғыстау облысы)
3. Арман Насыр (Алматы)

-73 кг

1.Әділет Алмат (Ақтөбе облысы)
2.Досхан Жолжақсынова (Жетісу облысы)
3.Уәлихан Шайхистан (Ақмола облысы)
3.Акбар Алтай (Қызылорда облысы)

-81 кг

1.Жалғас Қайролла (Абай облысы)
2.Нұржан Бисенов (Ақтөбе облысы)
3.Әділ Адуахатов (Астана)
3.Мирлан Максим (Маңғыстау облысы)



Қыздар
48 кг

1.Ирина Дубовская (Жетісу облысы)
2.Аяулым Тұрдике (Жетісу облысы)
3.Тасним Абдуали (Шымкент)
3.Нұрайлым Сәрсенбек (Ұлытау облысы)

52 кг

1.Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)
2.Аяжан Мұхтарғали (Жетісу облысы)
3.Алима Жұмағалиева (Қарағанды облысы)
3.Аружан Ережепова (Алматы облысы)

-57 кг

1.Дана Абдирова (Атырау облысы)
2.Карина Каракенова (Абай облысы)
3.Алтынай Нұрханова (Павлодар облысы)
3.Ұлдана Үсейн (Шымкент)

-63 кг

1.Самалай Ерғалиева (Қостанай облысы)
2.Гүлнұр Баханова (Ақтөбе облысы)
3.Ұлдана Таңжарықова (Жамбыл облысы)
3.Ақтоты Зәріп (Қызылорда облысы)

-70 кг

1.Ажар Асхат (Абай облысы)
2.Анастасия Морозова (Алматы)
3.Ақтолқын Қонысбек (Шымкент)
3.Әсемай Рүстемова (Қызылорда облысы)

Түпнұсқасы: fdk.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0