ҚПЛ: 2-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 2-тур ойындарының тікелей трансляциясы

9 наурызда футболдан Қазақстан чемпионатының 2-туры аясында Алматы, Астана, Ақтөбе және Павлодар қаласында төрт матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Талдықоғандық «Жетісу» Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында «Астананы» қабылдайды. «Жетісу» – «Астана» матчы астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Астана уақытымен сағат 14:00-де «Астана Аренада» қарағандылық «Шахтер» мен шымкенттік «Ордабасы» кездеседі.

Елорда уақытымен сағат 16:00-де «Ақтөбе» мен көкшетаулық «Оқжетпес» кездесуі басталады. Алғашқы турда екі команда да сырт алаңда жеңіске жеткенін айта кеткен жөн.

Бүгінгі ойын күні «Ақсу» мен «Қайрат» арасындағы матчпен аяқталады. Павлодардағы кездесу Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

«Ақтөбе» – «Оқжетпес» және «Ақсу» – «Қайрат» матчын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или