Жұмағұловтың UFC-дегі кезекті қарсыласы анықталды

Ultimate Fighting Championship-те (UFC) өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-8) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұмағұлов 6 мамырға әлемнің жетекші ММА лигасындағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, қарсыласы америкалық Натан Манесс (14-3) болады.
Қазіргі келісімшарт бойынша Манесспен жекпе-жек Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы кездесуі саналады.
Бұған дейін отандасымыз Чарльз Джонсоннан төрешілер шешімімен жеңілген болатын.