«Қайраттың» екі жас ойыншысы негізгі командаға ауысты

«Қайраттың» екі жас ойыншысы негізгі командаға ауысты

18 жасар тіреуші жартылай қорғаушы Мирас Көбеев пен қапталдағы қорғаушы Александр Мрынский «Қайраттың» негізгі командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа келісімшарттар 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Мирас Кобеев 2018 жылдан бері клубымыздың жүйесінде. Өткен маусымда «Қайрат-Жастар» клубының вице-капитаны болып, Бірінші лига аясында 19 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Өткен жазда Мирас «Ақсуға» қарсы кубок ойынында негізгі құрамдағы дебютін өткізді.

Александр Мрынский 2019 жылдан бері «Қайрат» футбол клубының құрамында. Өткен жылы «Қайрат-Жастар» сапында 20 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ол негізгі команда сапындағы дебютін 2021 жылдың жазында «Тұранға» қарсы кубок ойынында өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или