русский язык
ММА

Екі чемпион және ауыр жарақат. OCTAGON 42 турнирі қалай өтті

Екі чемпион және ауыр жарақат. OCTAGON 42 турнирі қалай өтті

4 наурызда Ташкентте Еуразиялық промоушеннің OCTAGON 42 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Кештің негізгі жекпе-жегінде жергілікті файтер Мухаммаджон Курбанов (10-4) екінші раундта қырғызстандық Арген Абдыкадыровты (7-1) жеңіп, ұйым тарихындағы алғашқы өзбекстандық чемпион атанды.

Ал басты жекпе-жекте тағы бір өзбек спортшысы Достон Бозоров (8-1) жартылай жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпион атағына ие болды, ол қазақстандық Жансерік Жақсығұловты (4-3) жеңді.

Камариддин «Камиля Карате» Хасанов (4-1) пен Одилхон Камолов (2-2) арасындағы эпикалық текетірес бірінші раундта тәжікстандық файтердің ауыр жарақат алуымен аяқталды.

Назарларыңызға аталған кештен фоторепортаж ұсынамыз:

Айта кетейік, келесі турнир – OCTAGON 43 22 наурызда Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы Гран-при иегері анықталады, финалда қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) пен қырғызстандық Илимбек Акылбек уулу (6-1) кездеседі. Жеңімпаз жеңіл салмақта чемпион атанып, 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық алады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;