«Алматы» ойыншысы әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды

«Алматы» хоккей клубы мен Қырығызстан құрамасының шабуылшысы Мамед Сейфулов үшінші дивизионның В тобындағы әлем чемпионатында үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Сараевода өткен турнирде Қырғызстан құрамасы алтын медаль алды, олар бес ойында жалпы 76:5 есебімен жеңіске жетті.
Мамед Сейфулов 28 (18+10) ұпай жинады. Ол Малайзия қақпасына септа-трик (7 шайба), Иран қақпасына покер, Босния мен Гонконг қақпасына хет-трик, Сингапур қақпасына дубль жасады.
Өткен маусымда Сейфулов «Алматы» сапында 14 матчқа қатысып, 4 (0+3) ұпай жинады.