Теннис

Әлемнің бірінші ракеткасы екпеден бас тартқандықтан Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирлерге қатыспайтын болды

Әлемнің бірінші ракеткасы екпеден бас тартқандықтан Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирлерге қатыспайтын болды

Әлемнің бірінші ракеткасы серб Новак Джокович визаға қатысты жанжалға байланысты Индиан-Уэллс (Калифорния штаты) пен Майамидегі (Флорида штаты) турнирлерге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джокович – коронавирусқа қарсы екпе алмаған спортшылардың бірі. Өткен айда ол АҚШ үкіметіне елге екпесіз кіруге арнайы рұқсат сұраған, бірақ өтініші қабылданбаған еді.

2022 жылы Джокович коронавирусқа қарсы вакцина алудан бас тартқандықтан АҚШ ашық чемпионаты мен АҚШ пен Канададағы турнирлерге қатыса алмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0