«Манчестер Юнайтед» 92 жылдан бері алғаш рет 7 гол айырмашылығымен жеңілді

«Манчестер Юнайтед» «Ливерпульден» 0:7 есебімен жеңілді. Бұл клубтың АПЛ тарихындағы ең ірі жеңілісі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
МЮ мұндай жеңілісті 92 жылдан бері бастан өткермеген. 1931 жылы «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Вулверхэмптоннан» 0:7 есебімен жеңілген еді.
МЮ осы маусымда «Манчестер Ситиден» 1:6 есебімен жеңілген болатын.