Нойер жарақатынан кейін қалпына келуі қалай жүріп жатқанын айтты

Нойер жарақатынан кейін қалпына келуі қалай жүріп жатқанын айтты

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер тау шаңғысы курортында аяғы сындырып алғаннан кейін оның қалпына келуі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрқашан мақсатыңызға назар аударыңыз. Күн сайын өзімді жақсы сезініп келемін. Біз қарқындылықты үнемі арттырып келеміз және аяғымның жағдайы жақсы. Қарқынды ұстаймыз», — деп жазды Нойер әлеуметтік желіде.

36 жастағы неміс қақпашысы 10 желтоқсанда тау шаңғысы курортында демалып жатқанда аяғын сындырып алып, 2022/23 маусымының соңына дейін алаңға шықпайтын болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0