Әлем чемпионаты: Эстафетаға қатысатын шаңғышылар анықталды

Планица қаласында (Словения) өтетін әлем чемпионатында шаңғы жарысынан Қазақстан қыздар құрамасы эстафетаға қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан атынан Ксения Шалыгина, Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко қатысады.
Әйелдер арасындағы эстафета жарысы бүгін Астана уақытымен 17:00-де басталады.