Қуаныш Қалмұратов «Қайсарға» ауысты

«Қайсар» Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Қуаныш Қалмұратовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін футболшы 2016 және 2020 жылы қызылордалық команда сапында өнер көрсеткен. 26 жастағы ойыншының кейінгі клубы «Тараз» болды.
Сондай-ақ футболшы түркістандық «Тұран», елордалық «Астана-1964» және «Атырау» сапында доп тепті.