Алехандро Менесес: Жанқоштың алғашқы жеңілісін тіркеймін!

Орта салмақта IBO тұжырымы бойынша мексикалық чемпион Алехандро Менесес Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық Жанқош Тұраровқа қарсы алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.
- Алехандро, Қазақстанда өтетін жекпе-жек туралы айтсаңыз?
- Жекпе-жекке дайындық жақсы, спаррингке қатысып жүрмін. Қазақстанға аттануға аз ғана уақыт қалды. Менде ұзақ жол бар. Бірақ мен белбеуді үйге қайтаратыныма сенімдімін. Жанқош үшін бұл мансабындағы ең қиын жекпе-жек болмақ.
– Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?
– Кәсіпқой рингте жеңілмегенін білемін. Жалпы, бұл мықты боксшы. Бірақ ол әлі менлей қарсылыққа тап болған жоқ. Мен оған мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеймін. Бұл қызықты және әсерлі жекпе-жек болады.
Еске салайық, Жанқош Тұраров - Алехандро Менесес жекпе-жегі 21 наурызда Алматыда өтеді.