Рыбакина эйс бойынша ақпан айында үздік теннисші атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маңызды статистикалық көрсеткіштердің бірінде ақпан айындағы үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) дәстүрлі сауалнамада Instagram желісіндегі жазбасында: «Ақпан айында бір матчта кім ең көп эйс жасады?» деп сұрады. Сұрақтың жауабы: «Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалдық кездесуінде 19 эйс жасады».
Осыншама эйс саны Қазақстан құрамасының көшбасшысына жартылай финалға шығуға көмектеспеді. Рыбакина бразилиялық Беатриз Аддад Майядан үш сетте жеңіліп қалды: 6:3, 3:6, 2:6.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или