ММА

Қазақстандық файтер әлемдік рейтингте UFC файтерлерін басып озды

Қазақстандық файтер әлемдік рейтингте UFC файтерлерін басып озды

Fightmatrix жеңіл салмақ санатындағы файтерлердің рейтингін жаңартты, онда OCTAGON промоушнының қазақстандық өкілі Теймур Жапаров өте жақсы жетістікке жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теймур 38 позицияға көтеріліп, UFC әлеміндегі Су Мудайереджи, Алесандро Коста және басқа да танымал спортшыларды басып озды.

Қазір Жапаров 74-орында.

Соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Джахонгир Назметдиновты төрешілер шешімімен жеңді.

Айта кетейік, Жапаров кәсіпқой мансабында 16 жекпе-жек өткізіп, 12 жеңіске жетіп, үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0