Муртазаев «Шахтермен» келісімшарт мерзімін ұзартты

Қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаев «Шахтер» сапында жалғасты өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Өткен маусымда Муртазаев «Кеншілер» сапында 27 матчқа қатысып, 10 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді», - делінген клуб хабарламасында.