Бублик ATP рейтингінде төрт сатыға көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Марсельдегі турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін төрт сатыға көтерілді – 50-орыннан 46-орынға. Денис Евсеев, Дмитрий Попко және Григорий Ломакин рейтингтегі орындарын жақсартты. Ал Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жукаев рейнгте төмендеді.
Жұптық рейтингте Андрей Голубев жеті сатыға төмендеп, 51-орында тұр. Александр Недовесов 68- орында қалды.
ATP рейтингі. 27 ақпандағы орындар:
1 (0). Новак Джокович (Сербия) – 6980
2 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6780
3 (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5805
4 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 5515
5. (+2). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3660
6 (-1). Андрей Рублев (Ресей) – 3405
7 (+1). Даниил Медведев (Ресей) – 3320
8 (-2). Рафаэль Надаль (Испания) – 3315
9 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3245
10 (0). Хольгер Руне (Норвегия) – 3161
46 (+4). Александр Бублик (Қазақстан) – 935
134 (-5). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 431
250 (-11). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 223
304 (+6). Денис Евсеев (Қазақстан) – 169
314 (-2). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 163
400 (+2). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 114
980 (+1). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 12
Фото atptour.com