«Сьон» жанкүйерлері команда жеңіліп қалғаннан кейін Балотеллидің жейдесін өртеп жіберген
 
                  Швейцария чемпионатындағы «Сьон» жанкүйерлері команданың шабуылшысы Марио Балотеллидің ойынына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Команда «Санкт-Галленнен» 0:4 жеңіліп қалды. «Сьон» жанкүйерлері ойыннан кейін дуалда ілулі тұрған Балотелли деген жазуы бар жейдені өртеп жіберген.
Балотелли осы маусымда «Сьон» сапында 12 ойынға қатысып, 5 гол соқты, оның 3 пенальтиден.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или