Бокс

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі он төртінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі он төртінші жеңісіне қол жеткізді

Бірінші жартылай орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (13-2, 5 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Өзбекстан өкілі Сардор Музаффаровпен (4-6, 2 КО) кездесті. 6 раундқа созылған жекпе-жекте 29 жастағы қазақстандық боксшы жеңіске жетті. 

Виктор Коточигов алдыңғы жекпе-жегін 18 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өткізген, онда отандасымыз танзаниялық Айзек Мушиді (6-3-1, 4 КО) жеңді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0