Донецкілік «Шахтердің» түлегі ҚПЛ клубына ауысуы мүмкін

Донецкілік «Шахтер» шабуылшысы Андрей Борячук жаңа клуб іздеп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Ойыншы ҚПЛ-ға ауысуы да мүмкін.
«Мен «Заряның» Борячукты «Шахтерден» сатып алуға тырысқанын білемін. Түрлі сома аталды, бірақ орташа есеппен 400-500 мың еуро. Енді «Заря» Борячукты жалға алуды жоспарлап отыр, егер ол да болмаса, Қазақстанға бару ғана қалады», - деді журналист Михаил Спиваковский TaToTake YouTube бағдарламасында.
Андрей осы маусымда «Металлист 1925» сапында 8 матчқа қатысып, 3 гол соқты. Желтоқсанның аяғында Борячук «Шахтерге» оралды.