Египеттегі турнирдің үшінші күні қазақстандық екі балуан жүлделі болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕгипеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің үшінші күні қазақстандық 2 балуан қола медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Асфандияр Есенжолов хабарлағандай, Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің үшінші күні қазақстандық екі балуан, атап айтқанда, грек-рим күресінен 125 келі салмақта Юсуп Батырмурзаев пен әйелдер күресінен 55 келіде Марина Седнева қола медальға ие болды.