Бокс

«Странджа» кубогі: Оразбек Асылқұлов 1/4 финалға шықты

«Странджа» кубогі: Оразбек Асылқұлов 1/4 финалға шықты

Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов ширек финалға шықты.

Кіші әлем чемпионатында О.Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта екінші кездесуін бразилиялық Луис Оливейрамен өткізді.

Л.Оливейра алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионы, америкалық Джамал Харвиді ұтып кеткен еді.

Бұл жолы 1/8 финалдық кездесу қазақстандық боксшының басымдылығымен өтті. Төрешілер жеңісті Оразбекке берді, есеп – 3:0.

Түпнұсқасы: Inform.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0