Бокс

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшының келесі қарсыласы анықталды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Евгений Павлов проф рингтегі келесі жекпе-жегінің күні мен орнын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

CachanillaPromotions хабарлауынша, 23 жастағы қазақстандық боксшы мексикалық Хуан Карлос Мирелеспен кездеседі. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Еске салайық, Евгений Павлов өзінің алдыңғы жекпе-жегінде мексикалық Хесус Гомес Кинтананы жеңген болатын.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы дебютін 2020 жылдың шілде айында қазақстандық Suleimen Promotions компаниясымен келісім-шартқа отыру арқылы өткізді. Петропавл қаласының тумасы әуесқой ретінде бокс пен кикбоксингтен Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0