Нуньес «Энфилдте» «Ливерпульдің» Чемпиондар Лигасындағы ең жылдам голын соқты

«Ливерпульдің» шабуылшысы Дарвин Нуньес мадридтік «Реалдың» қақпасына гол соғып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Уругвайлық 1/8 финалдың бірінші матчында үшінші минут оныншы секундта есеп ашты. Opta мәліметінше, бұл Ливерпуль үшін Чемпиондар лигасының өз алаңындағы матчтарындағы ең жылдам гол болды.
Еске салайық, мерсисайдтықтар Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчта мадридтік «Реалдан» жеңіліс тапқан болатын.
«Реалдың» «Ливерпульге» қарсы екінші ойыны 15 наурызда Сантьяго Бернабеуде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или