русский язык
Ауыр атлетика

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді

Олимпиада жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет, 2020 жылы Токио (Жапония) Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін ұзақ мерзімге спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығының сайты мәлімдеді.

Сон сегіз жылға, 2030 жылы наурыздың аяғына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Дисквалификация 2022 жылғы наурызда басталды. Допингке қарсы орталықтың мәліметінше, спортшының денесінен метастерон табылған.

Токио Олимпиадасында ол 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола, 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль алды.

Айта кетейік, 24 жастағы спортшы мансабында екінші рет дисквалификацияға ұшырап отыр. Бұған дейін 2015 жылы ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға спорттан шеттетілген болатын. Бірақ ол кезде препарат ағзасына тағам арқылы енгенін дәлелдей алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;