«Ақтөбе» Меркельді қатарына қосқысы келген

Ақтөбеліктер Александр Меркельмен келісімшартқа отырғысы келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Клуб ойыншыға ұсыныс жібергенімен, дер кезінде жауап алмаған. Меркель мықты чемпионаттан шақыруды күтіп, шешімді кейінге қалдырды.
Жартылай қорғаушының құқығы түрік Газиантепспорына тиесілі. Алайда клуб жойқын жер сілкінісінің салдарына байланысты чемпионаттан шығып, барлық ойыншыларға маусым соңына дейін жалға кетуге рұқсат берді.
Газиантепспор ойыншыларға жалақысының жартысын төлеуге келіседі