«Томирис» Қазақстан чемпионатында «Торпедоны» жеңді

Алматыда Qyzdar Hokei Ligasy үшінші турының бірінші ойын күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпионат көшбасшысы «Томирис» ойыншылары «Торпедоны» ірі есеппен жеңді. Есеп - 8:0.
Дарья Молдабай дубль авторы атанса, Пернеш Әшімова, Анастасия Оразбаева, Ольга Широкова, Лия Ивина, Александра Голотвина және Екатерина Куценко бір шайбадан соқты.
«Томирис» - «Торпедо» 8:0 (4:0, 2:0, 2:0)
