«Барселона» Ла лиганың екі рекордын жаңартты

«Барселона» Ла лиганың екі рекордын жаңартты

19 ақпанда «Барселона» Ла Лиганың 22-туры аясында өз алаңында «Кадисті» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Чемпионат аясындағы 22 ойынның бесеуінде ғана каталониялық команда қақпасына гол жіберіп алды. Осылайша «Барселона» турнир рекордын жаңартты. Бұған дейін бұл жетістік «Депортивоға» тиесілі еді – 1993/94 жылғы маусымда 16 «құрғақ ойын».

Сонымен қатар Хавидің командасы биыл өз қақпасына 7 гол ғана өткізді: «Реалдан» 3 гол, «Реал Сосьедад», «Осасуна», «Эспаньол» және «Бетис» клубтарынан 1 гол. Осы маусымға дейін рекорд 22 турда 9 гол болған. Мұндай көрсеткішті «Барселонаның» өзі (1986/87 жылғы маусымында), «Депортиво» (1993/94) және «Атлетико» (2017/18) көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0