OCTAGON 41: Бауыржан Қуанышбаев Иран спортшысынан басым түсті

Алматыдағы OCTAGON 41 турнирінде Еуразиялық промоушеннің экс-чемпионы Бауыржан Қуанышбаев (13-5) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміз жартылай орта салмақта тәжірибелі ирандық файтер Фарзад Гадеримен (16-11) кездесті.
Алғашқы бес минутта қарсыластары бір-бірінің әлсіз тұсын іздеумен өткізді. Екінші раундта Гадери қазақстандық файтерді қылқындырып көрген, бірақ одан нәтиже болмады. Үшінші раундта Қуанышбаев айқын басымдық танытты. Осылайша отандасымыз төрешілер шешіммен жеңіске жетті.
Айта кетейік, кештің <span>басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).</span>
<h4>Турнирдің бас серіктесі -<span> </span>UNDERDOG спорт агенттігі</h4> <h4>OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или