Қазақстандық блогер әрі актер OCTAGON 41 турнирінде жеңіске жетті

OCTAGON 41 турнирінің жетінші жекпе-жегінде қырғызстандық Амирбек Сайдилда (1-1) қазақстандық танымал блогер әрі актер Арнұр Қабдолдаевпен (1-0) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Раунд екі жақты шабуылдармен басталған, бірақ уақыттың соңына таман Қабдолдаев жекпе-жек тізгінін өз қолына алып, қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).