WBO рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosorts.kz.
Қазақстандық боксшыларды айтар болсақ, екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 КО) 11-орыннан 10-ға көтерілді. Еске салайық, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО).
Сондай-ақ бұл дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) рейтингте үшінші орында тұр. Супер орта салмақта Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) 12-ші орында қалды.