Андраде UFC Fight Night 219 турнирінің басты кездесуінде Бланчфилдтен жеңілді

Бүгін Лас-Вегаста (АҚШ) UEFC Apex аренасында 219 нөмірлі кезекті UFC Fight Night өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Бразилияның бұрынғы чемпионы Джессика Андраде екінші раундта америкалық Эрин Бланчфилдтен ұтылып қалды.
Жекпе-жек алдында бразилиялық жеңіл салмақ дәрежесінде әйелдер рейтингінде үшінші орында болды.