Мысырдағы халықаралық турнирде күресетін қазақстандық балуандар анықталды

Мысырдағы халықаралық турнирде күресетін қазақстандық балуандар анықталды

23-26 ақпан аралығында Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIV халықаралық турнир өтеді.

Бұл биылғы Халықаралық күрес федерациясының (UWW) рейтинг сериясындағы 2-турнир. Алғашқысы ақпанның басында Загребте өткен. Алматыдағы Спартакиадаға дайындалып жатқандықтан Ұлттық құрама Хорватия астанасына барған жоқ.

Александриядағы дүбірлі додада 48 елдің 466 балуаны күш сынасады. Атап айтқанда, еркін күрестен – 184, грек-рим күресінен – 149, әйелдер күресінен – 133 спортшы. Бұл қатардағы қазақстандықтар:

Әйелдер күресі – Марина Седнева (55 келі), Диана Каюмова (59 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Елена Шалыгина (68 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі);

Еркін күрес – Рахат Қалжан, Абзал Өкенов, Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Нұрболат Әбдуалиев, Владмир Кудрин (61 келі), Санжар Мұхтар, Ілияс Аманжолов, Тимур Айтқұлов (65 келі), Досжан Әсетов, Азамат Шағапұлы (70 келі), Дархан Есенғали, Нұрлан Бекжанов, Қанат Мұсабеков (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Исламбек Ілиясов (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Бекзат Үркімбай, Серік Бақытханов (97 келі), Мамед Ибрагимов (97 келі), Юсуп Батырмурзаев (125 келі);

Грек-рим күресі – Аманғали Бекболатов, Марлан Мұқашев, Исхар Құрбаев (55 келі), Ернар Фидахметов, Нұрсұлтан Базарбаев, Дастан Зарлыханов (60 келі), Мамырбек Мұхамедәли, Мадияр Малтекбаев (63 келі), Сұлтан Әссетұлы, Дін-Мұхамед Қошқар, Мерей Бекенов (67 келі), Ибрагим Магомадов, Ерасыл Нұрбосынов, Данияр Қаленов (72 келі), Қаһарман Қисыметов, Демеу Жадыраев, Азат Садықов (77 келі), Қален Диас, Шамиль Батыров (82 келі), Бауыржан Мусин, Нұрсұлтан Тұрсынов, Мақсат Сайлау (87 келі), Олжас Сырлыбай, Ерұлан Ысқақов, Ислам Умаев (97 келі), Антон Савенко, Мансур Шадукаев, Әлімхан Сыздықов (130 кг);

Ибраһим Мұстафа атындағы турнирде бозкілем шеберлері барын салып, ұпай қорын молайтып алуға тырысады. Өйткені, Мысырдағы додадан соң әр салмақтағы рейтингте жоғары тұрған 4 балуан өз құрлығындағы (Азия, Еуропа, Африка, Панамерика мен Тынық мұхиты аймағы) чемпионатқа жолдама алмақ. Осы ретте былтырғы әлем чемпионатының 6 жүлдегері қатысушылар тізімінде барын атап өтуге болады.

Халықаралық күрес федерациясы 2023 жылғы 4 рейтинг турнирінің жүлдегерлеріне арнап 390 000 швейцар франкін жұмсамақ. Әр жарыстың алтын медаль иегері 1500 швейцар франкін алса, күміс жүлдегерлер 750, 2 қола жүлдегер 500 франк сыйақыға қол жеткізеді.

Бұдан бөлек, UWW жылдың үздік балуанына тағы 150 000 швейцар франкін береді. Сыйақы 30 балуанға (күрестің үш түрінен 10 салмақта) барлық халықаралық жарыст аяқталған соң табысталады. Үздіктер ересектер арасындағы әлем чемпионаты, құрлық чемпионаты мен 4 рейтинг турнирде жинаған ұпай бойынша анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или