Хорватиялық қорғаушы Матич «Ордабасыға» ауысты
Хорватияның «Шибеник» футбол клубы қорғаушы Бернардо Матичтің шымкенттік «Ордабасыға» ауысқаны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
28 жастағы футболшы тараптардың өзара келісімі бойынша «Шибеникпен» келісімшартты бұзды. Бұған дейін Матич хорватиялық «Загреб», «Юнак Синь», «Риека», «Истра», босниялық «Широки Бриег» және испаниялық «Расинг» командаларында ойнаған.
Беделді Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік құнын 250 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или