Жәнібек Әлімханұлы Лиам Смитпен жұдырықтасуы мүмкін

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ұлыбританиялық боксшы Лиам Смит болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) мәліметінше, Лиам жақын арада орта салмақтағы рейтингте бірінші орынға көтеріледі.
Осылайша, Смит қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі WBO титулына міндетті үміткер болады.
Еске салайық, былтыр Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша толыққанды чемпион атанған болатын. Қазақстандық спортшы ұлыбританиялық Дэвид Бентлиді төрешілердің шешімімен жеңіп, титулын бір рет қорғап қалған.
Жәнібектің еншісінде кәсіпқой рингте 13 жеңіс бар, оның сегізі мерзімінен бұрын аяқталған болатын. Ал Лиам Смит 33-жеңіске жетіп, үш рет жеңіліп қалған.