«Мақтааралға» украиналық ойыншы ауысып келді

«Мақтааралға» украиналық ойыншы ауысып келді

«Мақтаарал» украиналық қорғаушы Богдан Мыцикпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы футболшы командаға 14 ақпанда қосылды. Қорғаушы атакенттік клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Мыцик «Металлург» клубының түлегі. Ол өз елінде «Сталь», «Ингулец» және «Прикарпатья» командаларында доп тепкен. Бұдан бөлек литвалық «Атлантас», молдавандық «Кодру» және эстониялық «Ида-Виумаа» жейдесін киді. Өткен маусымда ол армениялық «Ван» сапында 13 матчқа қатысып, үш гол соқты.

Transfermarket порталы ойыншының трансферлік құнын 125 000 еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или