«Ертіс» пен «Тараздың» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубтың жаттықтырушылар штабына енді

«Ертіс» пен «Тараздың» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубтың жаттықтырушылар штабына енді

«Ертіс» пен «Тараздың» бұрынғы футболшысы Константин Заречный Екібастұзда жаттықтырушы қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Константин Заречный футболшы кезінде «Екібастұз», «Тараз», «Жетісу», «Атырау», «Алтай», «Ақжайық» командаларында өнер көрсеткен.

Барлығы ҚПЛ-да 279 матч өткізіп, 23 гол соққан. Футболшы мансабын 2021 жылы аяқтады, сол кезде «Ақсуға» ҚПЛ-ға жетуге көмектесті.

Еңбек жолының соңында агент болып жұмыс істеді. Енді Константин Заречный Екібастұздағы Виталий Спарышевтың бапкерлік штабына енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или