Еркін күрес

Дархан Есенғали: Нұрқожамен болатын кездесуге арнайы дайындалдым

Дархан Есенғали: Нұрқожамен болатын кездесуге арнайы дайындалдым
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық құрамадағы 74 келіге дейінгі салмақта көшбасшының бірі, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов Спартакиаданың жартылай финалда Дархан Есенғалиден жеңіліп қалды.

Бұл айқас жайлы Дархан былай деді:

«Нұрқожамен болатын кездесуге арнайы дайындалдым. Осыған дейін одан 4 рет ұтылдым. Ал бүгін сәтін салып, жеңіске жеттім. Бәрі бапкерлер қойып берген тактика мен жақсы дайындықтың арқасы»,-деді.

Дархан финалда тәжірибелі балуан, 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжановтың да осал тұсын тауып, алғаш рет ел чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер