Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирдің жекелей сынында негізі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің финалында Өзбекстан өкілі Нигина Абдураимованы жарыс жолынан шығарды.
1 сағат 11 минутта созылған кездесу 6-2, 6-2 есебімен аяқталды.