Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын жоғалтты

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева бір сатыға төмендеп, 45-орында келеді.
Жұптық сында қазақстандық Анна Данилина 11-орында, Рыбакина үш сатыға төмендеп, 111-орында тұр.